Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Депутаттардың бастамалары

«Жомарт жүрек-2018» облыстық және республикалық форумдарда «Жыл меценаты» номинациясында жеңімпаз болған «Ноғайбай» ЖШС бас директоры Алтынбек Сейпілұлы Сапаров. «Туған өлке» номинациясында жүлде «Зенченко және К» КС бас директоры Геннадий Геннадьевич Зенченкоға берілді.

Депутаттардың бастамалары

«Рухани жаңғыру» іске асыру аясында депутаттар гүл бақтары мен саябақтарды абаттандыру бойынша жобаларға қатысады, жаңа объектілер ашу бойынша іс-шаралар өткізілді, мысалы депутат Сергей Петрович Тимофеев құрылысшылар ассоциациясының төрағасы облыстағы алғашқы құрылысшылардың аты жазылған гүл бағын ашуға дайындалуда, депутат Юрий Иванович Шоль Заградовка а. ауғанстанда болған жауынгерлерге ескерткіш ашты, бұл бастаманы басқа депутаттар да қолдауда.

Депутаттардың бастамалары

Әке туралы еске алу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 5,6 шақырылған облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Г.Г. Зенченко әлеуметтік салаға және балалар мекемелеріне қайырымдылық жасауға көп көңіл бөледі. Новоникольское а. тұрғын үйлер салады, өз қаражаты есебінен жабық каток, дене шынықтыру кешенін, дәрігерлік амбулатория салды.

Әкесі Еңбек Ері Г.И. Зенченконы есте сақтау бойынша Геннадий Геннадьевич облыстық архивтегі дөңгелек үстелге қатысушы болды, онда аудандық архивтердің, облыстық ардагерлер кеңесінің қызметкерлері, жастар өкілдері қатысты.

Мұнда Зенченконың еңбек династиясы туралы көрме ұйымдастырылып, жеке архиві ашылды.

Әке туралы еске алу

Біздің депутаттар туралы

Біздің депутаттар туралыМағжан Жұмабаев атындағы аудандағы Ноғайбай ауылында қазіргі заманға сай фельдшерлік пункт ашылды. Оны өз қаражаты есебінен солтүстікқазақстандық кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Алтынбек Сапаров салды. Ашуға қатысты салтанатты дәстүрді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орайластырды.

Орталық жаңа да қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған, күндізгі стационарда емделу үшін екі палата, дәріхана, қабылдау кабинеті, ем-дом кабинеті және байқау кабинеті бар.

«Елбасымыз айтқандай әр бизнесмен өзінің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп, еліміздің, өз өңірінің дамуына шамасы келгенше өз үлесін қосуы тиіс. Біз секілді бизнес өкілдері Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын қолдамағанда, кім қолдайды. Мен өзімнің туып-өскен, мен де, менің балаларым да өмір сүріп отырған жеріме пайдамды тигізгеніме мақтан етемін», — деп Алтынбек Сапаров республикалық телеарналар сұхбат алған кезде өз пікірін білдірді.

Мақала кейіпкері жаңалықтар сюжетінде бірінші рет емес. Оның мекмлекеттік деңгейде атап өтілген игі істері баршылық. А. Сапаровқа «Құрмет» ордені мемлекеттік марапаты, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдары, Облыс, аудан әкімдерінің Құрмет грамоталары да тапсырылды.

Жергілікті шаруашылық басшысы Алтынбек Сапаров Ноғайбай ауылында туып-өсті, бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысы шегіндегі оның меценаттарының бірегей өкілі болып табылады. Ол өзі туған ауылда әр үйге су өткізіп, Демалыс орталығын салғанын, барлық көшеге жарық өткізіп, жасанды жабыны бар шағын футбол алаңын орнатқанын да атап өтпеуге болмайды. Алтынбек Сейпілұлы туған ауылы үшін көптеген пайдалы істер жасады, алайда алда одан да зор жоспарлары бар — алдағы уақыттағы мақсаты жаңа заманауи мектеп, әлемдік салонын және тағы бірнеше тұрғын үй салу. Айта кететіні, өткен жылы меценат ауыл тұрғындарына 5 жаңа тұрғын үй сыйлады.

Туған ауданына жасаған жақсылықтары мен игі істері елеусіз қалған жоқ — Алтынбек Сапаров Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Жомарт жүрек» конкурсында «Жыл меценаты» номинациясында жеңімпаз болып шықты. Марапаттау желтоқсан айының басында Отанымыздың астанасы Астана қаласында өтті. Сондай-ақ кезекті сессияда Облыстық мәслихаттың хатшысы В.С. Бубенко «Біздің депутат» республиуалық газеті жариялаған «Үздік депутат» кеуде белгісін тапсырды.

Біздің депутаттар туралы
Адамдарға пайда келтіру

Біздің депутаттар туралыОблыстық мәслихаттың депутаты, Айыртау ауданы «Бабық Бұрлық» ЖШС директоры Сейілбек Махметов экономика, экология, бюджет, салық және қаржы салаларының мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрамында. Бұл агроқұрылымдарды субсидиялау мәселелерін, аграрлық сектордың кадр мәселелерін шешуге белсенді қатысуды білдіреді. Сейілбек Ғазезұлы тәжірибелі өндірісші, депутаттық өтілі де мол.

Нижний Бурлук ауылы – көнеден келе жатқан ауыл. Оның құрылған уақыты 1848 жыл деп қабылданған. Бұрын бұл жерде Үлкен Бабық ауылы болған, оны Бабық байдың құрметіне атаған. Жанында ағып жатқан өзенше Бұрлық деп аталған. Кейіннен ауыл Нижний Бурлук (Төменгі Бұрлық) деп аталып кетті, себебі ол сол өзеннің төменгі ағысында орналасқан. Мұндағы негізгі кәсіпорын «Бабық Бұрлық» ЖШС, оны басқарып отырған көпжылдық тәжірибесі мол Сейілбек Махметов.

Еңбек жолын ол 1983 жылы Көкшетау облысы «Бурлукский» кеңшарына аға мал дәрігері болып (Целиноград ауыл шаруашылығы институтының дипломын ала сала) бастады. 1994 жылғы тамыз айында бастамашыл басшыны Көкшетау облысы Арық-Балық ауданына Ф.Э. Дзержинский атындағы кеңшардың директоры лауазымына шақырды. Кейіннен Арықбалық ауданы қазіргі СҚО Айыртау ауданының құрамына кірді де, кеңшар бірқатар қайта құрылулардан кейін «Бабыл-Бұрлық» ЖШС болып өзгерді.

Бұл көп салалы шаруашылық ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарумен айналысады. Оның ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі 30 мың гектардан асады, оның 25 мың га егістік жерлер. Бұл ЖШС өз күшімен өзін қажетті барлық өндірістік және әлеуметтік инфроқұрылыммен қамтамасыз етті.

Машина-трактор паркі жаңартылды, өндірістік жайлар салынды. Әлеуметтік салаға инвестициялар салуға мүмкіндік туды.

Айыртау ауданында ең үздіктердің бірі болып саналады. Оның егіншілері жылдан жылға жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Жуырда ғана газеттер мен телеарналар жаңа жетістіктері туралы паш етті. «Бабық-Бұрлық» ЖШС егістіктеріндегі астық шығымы 60 ц/га-дан асып кетіп, «Agro-Forum – 2018» форумында «АӨК өнімі өндірісінің рекордшысы» аталымында жеңіске жетті.

Мұндай астықты өсіруге қалай қол жеткіздіңдер деген сұраққа Сейілбек Махметов: «Жермен айналысу керек», — деп қысқа жауап береді. Бізде ол үшін мүмкіндіктер бар, мемлекет агросекторға жан-жақты көмектесуде — дейді ол.

Айтылғанды ісімен дәлелдеуде. Шаруашылықта бірнеше цифрлық жүйелер енгізілген. Жыртылатын жерлер мен техника GPS жүйесімен қамтылған, оған әртүрлі учаскелерде өндірістік процесстердің серіктік мониторингі жүргізіледі. Өндірістік учаскелер бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Астық тоғында электронды өлшеу құрылғысы орнатылған, сабанмен жұмыс істейтін жоғары үнемдегіш пеш-қазандықтар орнатылған.

Басқа да жаңашалықтар сәтті қолданылуда. Нәтижесінде шаруашылықта еңбек өнімділігі артып, шығындар азаюда.

Мұндағы орташа еңбекақы 140 мың теңгеден асады. Шаруашылықтың күшімен үйлерге орталықтандырылған жылу өткізу жоспарланып отыр. Жұмысшыларға арнап тұрғын үй салу жұмысы жалғастырылуда.

Сейілбек Махметов — облыстық мәслихаттың екі шақырылымының депутаты. Әлеуметтік сипаттағы көптеген мәселелерді шешуге бар күшін салады.

Объектілерді қысқа дайындауды, көпшілік іс-шараларды, «Мектепке барар жол» акцияларын қолдайды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауылдағы Мәдениет үйіне іс-шаралар өткізуге 300 мың теңге бөлді. Қарттар күніне ЖШС зейнеткерлерге 400 мың теңгеге жуық материалдық көмек көрсетті, аудандық ардагерлер қорына 70 мың теңге бөлді.

Ол туралы жерлестері де оның адамдарға қамқорлығын айта отырып, құрметпен айтады. Ал Сейілбек Ғазезұлының өзі аз сөйлеп, көп істейтін адам. «Еңбек адамдарына қамқорлық таныту, менің басшы ретіндегі, халық қалаулысы ретіндегі борышым» — дейді. Бұл жерде міндетінің рухани жылулықпен, жерлестеріне деген жанашырлықпен күшейе түскенін атап өткен дұрыс деп ойлаймын.

«Өзімнің туған Айыртау ауданын, Нижний Бурлук ауылын өте жақсы көремін, бұл жер жәннәті — деп ағынан жарылады. Мұнда біз адамдарға, туған жерімізге керек екенімізді сезінеміз.

Біз зор өзгерістер кезеңінде, экономика мен әлеуметтік саланың серпінді даму кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Жылдан жылға ертеңге деген сенімділігіміз артуда.

Маған жақсылық жасауға, ауылдағы еңбекшілердің мүдделерін қорғауға, оларға жұмыс істеуге, өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берген тағдырыма ризамын. Егер қандай да бір жобанының мақсатқа сай екенін дәлелдеп, бюджетті тиімді бөліп, шығындарды дұрыс жоспарлап, керекті бағыттарға инвестиция беріп, заңдарды қатаң сақтап, белгіленген көрсеткіштерді қатаң бақылай алсам еңбегімнің зая кетпегені».

Сейілбек Ғазезұлы «Құрмет» орденімен, медальдармен, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы әкімдернің Құрмет грамоталарымен наградталған.

Латын әліпбиіне көшу — әлемдік бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері латын графикасына көшу мәселесі туындап келеді. 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Латын әліпбиін қарайтын кез келді. Қалай болғанда да, латын әліпбиі бүгінде телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Мамандар осы мәселені зерттеп, нақты ұсыныстарын жасауы тиіс. Біздің балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын әліпбиімен байланысты.

Ал біз қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ», — деген болатын. Араға алты жыл салып Елбасы осы мәселені тағы көтерді, көтеріп қана қойған жоқ, «Қазақстан — 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында латын әліпбиіне көшу мәселесін ортаға салып, нақты уақытына дейін белгілеп берді. Бұл Елбасының 2025 жылға дейін қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге ауыстыру туралы Жолдаудағы ел алдына қойған мақсат — тапсырмасы еді.

Тәуелсіздіктің басты тірегі — мемлекеттік тіл. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған бұл даму стратегиясында да мемлекеттік тілге жеткілікті орын берілген. Әсіресе, Елбасының 2025 жылы Қазақстан латын әліпбиіне көшеді деп қадап айтуы көпшілікке ой туғызып отыр. Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңарту» мақаласының «Таяу жылдардағы міндеттер» деген бөлімінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығын тағы да атап айтты. 2017 жылдың аяғына дейін қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылданады.

2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтар дайындалады деп жоспарлануда.
Латын әліпбиіне көшу туралы қоғамдық пікір айтылып болды, толыққанды ұсыныстар жасалды. Ендігі арада саяси-экономикалық, ғылыми және халықаралық маңызы бар бұл мәселені тек іске асыру шараларын жоспарлау үшін бізде латын әліпбиіне көшуге қажетті барлық алғышарттар жасалған деп санауға болады. Өйткені, ең бастысы — біздің елімізде бір әліпбиден екінші әліпбиге көшудің бір емес, екі бірдей тәжірибесі бар. Мысалы, 1926 жылы Қазақстанда араб графикасынан — латын әліпбиіне, ал латын әліпбиінен бүгінгі кириллицаға көшу 1937 жылы басталып, ол 1940 жылы толық аяқталған болатын.

Тәуелсіздік алғалы 25 жыл ішінде жатқан жетістіктеріміз аз емес. Қазақстан өзгелермен тең ел болған кезде, мұндай бастама біз үшін өте маңызды. Көрнекті қоғам және ғылым қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері латын әліпбиіне көшуді қолдап қана қоймай, олар мұны әлемдік өркениет жетістіктеріне алып баратын бірден-бір төте жол деп есептейді.

Латын әліпбиіне көшу — өмірдің қажеттілігі, әлемдік бәсекеге қабілеттілік мәселесі. Егер латын әрпіне көшіп кетсек, осы уақытқа дейін жазылған бүкіл әдеби, ғылыми мұраларымыз қолданыстан қалып қояды деген пікірлерді алға тартып,қауіптенудің қажеті жоқ деп ойлаймын. «Көз — қорқақ, қол — батыр» дейді халқымыз. Ойымыз бен ісіміз бір жерден шығып, дұрыс бағытта жұмыла қимылдасақ, алынбайтын қамал жоқ. Әліпбиді реформалау туралы қоғамда айтылған пікірлерді жинақтайтын болсақ, олардың көпшілігімен келісуге әбден болады.

Латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанның түркі әлемімен байланысы одан әрі арта түседі. Еліміздің мемлекеттік мәртебесіне зор ықпал етеді. Сонымен бірге шетелдерде тұратын қандастарымыз үшін өз атамекенімен қарым-қатынас жасауларын да жеңілдете түсер еді. Жалпы түрік халықтарымен бірге болудың бір үлкен жолы — ортақ әліпбиде жүру. Болашақта түрік халықтарының жазудағы бірлігі сақталатын болса, негізгі мақсаттарымыздың бірі орындалған болар еді. Тіпті, өзге ұлттардың да қазақ тілін оқуға, зерттеуге деген сұранысын туғызуы әбден мүмкін.

Ешбір талас туғыза қоймайтын тағы бір дәлеліміз, ақпарат және телекоммуникациялық саладағы артықшылық арта түседі. Бұл арада, ең бастысы — латын әліпбиі дегеніміз ағылшын әліпбиінің негізі екендігін ескергеніміз жөн. Ал ағылшын тілі болса, ол ең ірі халықаралық тіл болып саналады. Әлем халықтарының басым бөлігі латын әрпін қолданып отырғандығы белгілі.

Әліпби ауыстыру, бұл — ұлтымыздың тарихындағы ең маңызды оқиға болып табылады. Сондықтан осындай мемлекеттік маңызы бар іске үлкен жауапкершілікпен қарағанымыз жөн. Латын графикасын үйреніп алу аса қиындық туғыза қояды деп ойламаймын. Өйткені, әлем қабылдап отырған, әлем тұтынып отырған әліпбидің қиындығы болмайды деп санаймын. Байқап отырсақ, күнделікті өмірімізде латын тілімен жиі бетпе-бет кездесеміз. Тауарлардың көпшілігінде ақпараттық жазулар латын тілінде жазылған. Компьютерлік техникалардың, құрал-аспаптардың көпшілігі латын тілінде жұмыс істейді. Ғаламтор мен ұялы байланысты пайдаланушылар, әсіресе, бүгінгі жас буын өкілдері латын әліпбиін әлдеқашан пайдаланып та жүр. Алайда, олардың оны қандай да бір ережесіз бейберекет пайдаланып жүргендері де белгілі. Сондықтан қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктерін жоғалтып алмайтындай қағиданы ұстанып, жан-жақты ойластырылған әліпби жасап шығарылады деген үміттеміз. Жаhандану кезеңіне аяқ басқан ұлы көш-керуенінің соңында қалып қоймай, бел ортасында жүруіміз үшін тіліміздің өркендеуіне үлес қосу — еліміздің әрбір азаматына жүктелер жауапкершілік.

Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп- интернатының директоры, облыстық мәслихат депутаты Айман Серікқызы Асанова


Сөздің емес істің адамы

Бүгінгі күнде Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты «Құрмет» орденінің иегері Дәуіт Рамазанұлы Құдияров ағамыз «сөзбен емес, іспен» деген ұранды ұстанады. Содан да шығар, ол кісіге деген Горький аулының тұрғындарының ықыласы ерекше.

Аудандағы кейбір ауыл тұрғындары өздерін мазалаған сауалдар, не болмаса арыз-талаптары болса, бірден ауданға басшылығына жазып, сосын өздері жіберген хатқа апталап, айлап жауап күтетін. Сайып келгенде өз өтініштері бойынша тиісті түрде толық жауап алса да, мәселенің күрмеуі шешілмеген бойы қалып қоятын кездер жиі кездесіп жатады. Новосел ауылдық округінің тұрғындары бірден Дәуіт Рамазанұлына барып мән-жайын түсіндіріп, толыққанды жауап алып, риза болып үйіне қайтады. Міне, біздің шағын мақаламыздың басты кейіпкері ел қалаулысы Дәуіт ағамыз осындай азамат.

Құдияров Дәуіт Рамазанұлы 1957 жылы 1 қарашада Көкшетау облысы Ленинград ауданы Куйбышев атындағы совхозда (қазіргі СҚО Ақжар ауданы Ленинград селосы) дүниеге келген. Жоғары білімді, 2007 жылы Көкшетау Университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Үйленген, екі баласы бар.

Еңбек жолын 1975 жылы орта мектепті бітірісімен қазіргі өзі директорлық жасап отырған совхозда жұмысшыдан бастаған еді. 1984-2000 жылдары ауысым мастері, участок бастығы, Горький астық қабылдау пункті директорының орынбасары қызметтері атқарып, 2000-2003 жылдары аталған шаруашылық директоры, 2003 жылдан бүгінге дейін «Ақниет Ақжар» ЖШС-нің директоры блып қызмет атқарып келеді.

Өзінің іскерлік қарым-қабілетімен, ұйымдастырушылық қасиетімен қарапайым жұмысшыдан басшылық лауазымға дейін көтерілген ол, 42 жыл еңбек жолын бір ауылға арнаған патриот азаматтардың бірі де бірегейі. Олай дейтініміз, өзімен бірге істеген жолдастары мен директорлық қызметте басқа шаруашылықтарда істеген барлық әріптестері бүгінде ауылдарын тастап қалаға көшіп кеткен. Ал, Дәуіт ағамыз ауылдастарының қамын ойлаумен әлі күнге дейін басқа жаққа көшу ойында жоғын айтып жүреді. Соның арқасында Горький аулы аудан орталығынан ең алыс ауыл болса да бүгінгі күні халқының санынан Талшық пен Ленинград ауылдарынан кейін үшінші орында тұр. Яғни, ауылдастарының сөзіне жүгінсек, осындай басшымыз бар біз ешқайда да көшпейміз деп отырған жайы бар.

Дәуіт Рамазанұлы білікті маман ретінде жермен жұмыс істегеннің арқасында жыл сайын күзгі орақ науқанында жоғары өнімге қол жеткізіп, нәтижесінде ауылдағы зейнеткерлер мен тұрмысы төмен отбасыларына жылына бірнеше рет материалдық көмек көрсетіп отырады. Одан қалды ауылдағы орта мектепте өтетін әрбір шараға белсене қатысып, «Мектепке жол» акциясында оншақты оқушыға көмек қолын созып отырады. Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығында жалғызбасты зейнеткерлерді қысқы отын-шөбімен қамтамасыз етіп, ауылдағы барлық қарттарды шақырып мерекелік түскі ас ұйымдастырады және оларға азық-түлік пакетін береді. Одан қалды ауылдағы әлеуметтік-мәдени, спорттық іс-шаралардың ешбірі де Дәуіт ағамыздың көмегінсіз өтпейді. Ауданда ең алғашқы рет 2000 жылы Дәуіт Рамазанұлы басқаратын шаруашылықтың қаржысына Горький аулында қысқы хоккей қорапшасы салынған еді. Одан кейін 2012 жылы барлық қажетті алаңдарымен жазғы стадион салып берді.

Горький ауыл облыстық маңызы бар «Казгородок-Горковское» тас жолының бойында орналасқан және басында айтқанымыздай ауданға ең шалғай ауыл болып саналады. Бірақ та қыстың қақаған қарлы боранды күндері бір күнде жолсыз болған емес. Ол үшін аудандық тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомомбиль жолдары бөлімінің де көп басы ауырмайды. Қысқы мерзімге Дәуіт Рамазанұлы жеткілікті жанар-жағармайымен екі бірдей үлкен К-700 тракторын арнайы дайындап қояды және де екі механизатор қыс бойы жұмыспен қамтылады деген сөз.

Дәуіт Рамазанұлының осындай еңбектері жоғары бағаланып «Құрмет» орденімен және бірнеше мерекелік медалдармен, көптеген құрмет грамоталарымен марапатталған. «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі, серіктестікте партияның бастауыш партия ұйымы жұмыс жасайды.

Хоршат
Айбек Ақжар ауданының мәслихат хатшысы

Мақаланы құрған күні 22.08.2018 11:45

Мақаланы жаңартқан күні 07.02.2019 09:55

Послание президента РКАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz