Айыртау ауданындағы қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерімен кездесу

Мемлекет басшысы жариялаған Жастар жылы, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық сұхбат — Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру аясында облыстық мәслихат депутаттарының шақыруымен Айыртау ауданындағы қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының жоғары сынып оқушылары алғаш рет Петропавлға депутаттармен кездесуге келді.

Кездесу барысында оқушылар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жұмысымен (тұрғын үй алу мүмкіндіктерімен танысады), қаланың көрікті жерлерімен танысты (А. Винокуров атындағы спорт сарайына, Оқушылар сарайына барды).

Кәсіби бағдар беру мақсатында облыстың оқу орындары мен кәсіпорындарына экскурсиялар (Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі, «Основание» ЖШС) ұйымдастырылды, орта мектеп оқушыларын құрылыс индустриясы үшін мамандар даярлау негіздерімен таныстырылды.

06.11.2019
Қаралым саны: 382
Послание президента РКАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz