Қазақстан Республикасының құрметті депутаттары

«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ережесіне сәйкес «Құрметті депутат» төс белгісімен марапатталды».

Қазақстан Республикасының құрметті депутаттары

Әубәкіров Ерембек Жәмшітұлы, облыстық мәслихаттың бірінші үш шақырылымының хатшысы (1994-2007) Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы. Марапаттары: «Құрмет белгісі» ордені, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Тыңға 50 жыл» медальдары, облыс әкімінің Құрмет грамоталары.

Құрметті демалыста, облыстың қоғамдық өміріне қатысады.

Қазақстан Республикасының құрметті депутаттары

Нурмуканова Ралия Равильевна, аудандық мәслихаттың екінші, үшінші, бесінші, алтыншы шақырылған депутаты, Төртінші шақырылған облыстық мәслихаттың депутаты, бесінші және алтыншы шақырылған Мамлют аудандық мәслихаттың хатшысы.

«Нұр Отан» партиясы Мамлют аумақтық филиалының Саяси кеңес Бюросының мүшесі. Марапаттары: «Белсенді қызмет үшін» төсбелгісі, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медаль, ҚР Президентінің Алғыс хаттары, ҚР Парламенті Мәжілісінің, облыс әкімінің, білім департаментінің Құрмет грамоталары

Қазақстан Республикасының құрметті депутаттары

Мұстафина Бейбіт Мұқышқызы, үшінші шақырылған облыстық мәслихаттың депутаты, төртінші шақырылған қалалық мәслихаттың депутаты, Петропавл қаласының Құрметті азаматы.

3 жыл бойы міндетті медициналық сақтандыру қорының облыстық бөлімін басқарды, 2 жыл бойы медициналық қызметтерді төлеу орталығын басқарды, ал 2001 жылдың мамырынан 2010 жылдың желтоқсанына дейін «№ 2 қалалық аурухана» КМҚК бас дәрігері болып жұмыс істеді.».

Бейбіт Мұқышқызы «ҚР халқының денсаулығын қорғау ісіндегі ерекше еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Парламенттің 10 жылдығы», «Шапағат», «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен, «НұрОтан» республикалық партиясының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның дипломымен, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағына ие болды.

26.12.2019
Қаралым саны: 376
Послание президента РКАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz