ҚР Парламенті депутаттарымен кездесу туралы ақпарат

2020 жылғы 14 қаңтарда ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының облыстық және Петропавл қалалық мәслихаттарының депутаттарымен кездесуі болып өтті.

Кездесуді Облыстық мәслихаттың хатшысы В.С.Бубенко ашып, жүргізді.

Кіріспе сөзінде депутаттарға Қазақстан Республикасы Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарын:

Парламент Сенатының депутаты Ерік Хамзаұлы Сұлтановты, Парламент Сенатының депутаты Ольга Валентиновна Перепечинаны,

Парламент Мәжілісінің депутаттары:

Абай Бөлекбайұлы Тасболатовты,

Сергей Адамович Звольскийді,

Кәрібай Иманжанұлы Мұсырманды,

Петр Анатольевич Шарапаевты таныстырып өтті.

Кездесуге Солтүстік Қазақстан облыстық және Петропавл қалалық мәслихаттарының депутаттары шақырылды.

Кездесу сұрақ-жауап түрінде өтті.

Өз салаларындағы мүдделі мәселелер бойынша:

Облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Анатольевич Белоног;

Облыстық мәслихаттың депутаты, «Основание» ЖШС бас директоры, Сергей Петрович Тимофеев;

Облыстық мәслихаттың депутаты, № 24 мектептің директоры Ғафура Сабырқызы Бөстекова;

Облыстық мәслихаттың депутаты, Тайынша аудандық ауруханасының бас дәрігері Анатолий Павлович Рафальский;

Облыстық мәслихаттың депутаты, «Зооветснаб» ЖШС директоры Владимир Андреевич Притчин;

Облыстық мәслихаттың депутаты, «Кантемир Агро» ЖШС директоры Болат Текебасұлы Әбілмәжінов сұрақтар қойды.

Барлық сұрақтарға түбегейлі жауаптар берілді, бірқатар мәселелер қарау үшін бақылауға алынды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Ерік Хамзаұлы Сұлтанов өз сөзінде мұндай кездесулер өте маңызды екенін атап өтті, аймақтармен байланыс бар проблемаларды тереңірек білуге мүмкіндік береді, олардың барлығы назардан тыс қалмайды, сұрақтар мәжілістерде қаралып, жауаптар беріледі. Депутаттарды белсенді болуға және барлық мәселелер бойынша депутаттық сауалдарға жүгінуге шақырды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Валентиновна Перепечина бюджетті қалыптастыру мәселелерін егжей-тегжейлі баяндап, депутаттарды бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға, өз сайлаушыларына экономиканың жағдайын жеткізуге шақырды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өз сөздерінде мемлекеттік бағдарламалар, 2020 жылға арналған жоспарлар туралы толықтырып, өңірдегі экономиканың жағдайын баяндады.

Облыстық мәслихаттың хатшысы В.С.Бубенко кездесуді аяқтай отырып, депутаттар Ерік Хамзаұлына, Ольга Валентиновнаға, Абай Бөлекбайұлына, Сергей Адамовичке, Кәрібай Иманжанұлына, Петр Анатольевичке баяндаған ақпараттары үшін алғысын білдірді. Толғандыратын мәселелер бойынша сындарлы диалог өтті. Депутаттар, жұртшылық өкілдері өз тарапынан елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын әр азаматқа жеткізу үшін сайлаушылармен, облыс тұрғындарымен жұмысты жалғастыратынына сендірді.

14.01.2020
Қаралым саны: 55
Послание президента РКАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚПремьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz