38 сессия туралы ақпарат

Алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың 38 сессиясы болып өтті, онда 2019-2021 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Бұл мәселе бойынша депутаттар алдында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Әділбекқызы Айкенова сөз сөйледі.

Хабарламада айтылғандай, 2019 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарының бастамасымен және 8-баптың 2-тармағына, 106-бабына сәйкес, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру мақсатында облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, аудандар мен Петропавл қаласы әкімдерінің бюджеттік өтінімдері негізінде жүргізіледі.

Облыстық бюджетті нақтылау көзі бұрын бекітілген қаржыны жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша қайта бөлу болып табылады.

Петропавл қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының жобасы және облыс орталығының даму перспективалары туралы «ПРЭКО Консалтинг» ЖШС маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер бөлімінің басшысы» Евгений Владимирович Фикс баяндады.

Сондай-ақ 2016-2020 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

Депутаттар Қазақстан Республикасы Су саласының еңбек сіңірген қызметкері Жантлеуов Мұрат Қошанұлына «Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі ұсынысты қолдады.

Сессияда барлығы 10 мәселе қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданды.

Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары А.Ж. Сақыпкереев қатысты.

12.11.2019
Қаралым саны: 502
Послание президента РКАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz